Парижде өтіп жатқан әйелдер арасындағы Олимпиадалық турнирде 1/4 финалдың барлық жұптары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар келесідей:

Бразилия (1) – Доминикан Республикасы (8);

Италия (2) – Сербия (7);

Қытай (3) - Түркия (6);

АҚШ (4) - Польша (5).

Жапония, Нидерланды, Франция және Кения құрамалары топтық кезеңнен кейін өнерлерін аяқтады. Әйелдер арасындағы ширек финалдың барлық кездесулері сейсенбі, 6 тамызда өтеді. Финал Олимпиаданың соңғы күні – 11 тамызға жоспарланған.