«Силькеборг» Дания Суперлигасының үшінші турындағы үй матчында «Виборг» командасын 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Силькеборгтың» қазақстандық жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов бастапқы құрамға кірмегенімен, матчтың 63-минутында алаңға тыңнан қосылды. Ол нәтижелі әрекеттермен ерекшеленген жоқ.

Қазіргі уақытта оның командасы алты ұпаймен Дания Суперлигасының турнир кестесінде үшінші орында тұр.