Украина құрамасының бас бапкері Дмитрий Сосновский Александр Хижняктың кубалық Арлен Лопесті Парижде өткен Олимпиада ойындарының жартылай финалында жеңгеннен кейін, қазақстандық Нұрбек Оралбаймен алдағы алтын медаль үшін өтетін жекпе-жек туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Үш раундтық жекпе-жектің нәтижесінде 80 келі салмақ дәрежесінде төрешілер украиналық боксшыға жеңісті бөлінген шешіммен (3:2) берді.

«Александр онымен халықаралық деңгейде кездескен. Мықты боксшы, жақсы деңгейде. Дайындаламыз», — деді Сосновский.Айта кетейік, Нұрбек Оралбай жартылай финалда Доминикан Республикасынан келген Кристиан Пиналесті жеңді.