Ұзындығы 155,3 шақырымды құрайтын «Норвегияның арктикалық жарысы» көпкүндік веложарысының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кезеңді Uno-X Mobility командасының норвегиялық шабандозы Александр Кристофф жеңіп алды.

«Астана» шабандоздар арасындағы үздік нәтижені алтыншы орын алған Макс Кантер көрсетті.

«Норвегияның арктикалық жарысы». Бірінші кезең

Bodø — Rognan. 155,3 км

1. Александер Кристофф (Uno-X Mobility) — 3:43:32

2. Милан Фретин (Cofidis)

3. Том Ван Асбрук (Israel-Premier Tech)

.....6. Макс Кантер («Астана»)

Жалпы есеп:

1. Александер Кристофф (Uno-X Mobility) — 3:43:32

2. Милан Фретин (Cofidis) - +0:04

3. Паскаль Энкхорн (Lotto Dstny)

...11. Макс Кантер («Астана») - +0:10