«Астана» Испанияның Бургос провинциясында өтетін «Вуэльта Бургос» көпкүндік веложарысына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс 5-9 тамыз аралығында өтеді.

Команда құрамы: Глеб Брусенский (Қазақстан), Иде Шеллинг (Нидерланды), Лоренцо Фортунато (Италия), Сантьяго Умба (Колумбия), Николя Винокуров (Қазақстан), Вадим Пронский (Қазақстан), Даниил Марухин (Қазақстан).