Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Нұрбек Оралбай Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп жазады Olympic.kz.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек жартылай финалда доминикандық Кристиан Пиналесті жеңді.

Жартылай финалдық жекпе-жек өте тартысты өтіп, қазақстандық боксшы 3:2 есебімен ақтық сынға өтті.

Нұрбек Оралбай өзінің тұңғыш Олимпиадасында алтын медальға таласады. Ол 2023 жылғы әлем біріншілігінде де топ жарған болатын.

Фото: Тұрар Қазанғапов