Стенд атудан Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Әсем Орынбай Олимпиаданың іріктеу айналымын аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Скит бағдарламасы бойынша бақ сынаған Әсем іріктеу қорытындысы бойынша 116 ұпай жинап, 18-орынға тұрақтады.

Ал финалдық кезеңге алғашқы алтылыққа енген спортшылар өтті.

Осылайша, қазақстандық мерген Париж Олимпиадасының финалынан сырт қалды.