Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Давид Ефремов Олимпиаданың іріктеу сынына қатысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден өз тобында жетінші орын алды.

Ол жартылай финалға өте алған жоқ. Енді қазақстандық спортшы жұбаныш айналымында бақ сынап көреді.