2024 жылғы Париж Олимпиадасында 200 метрге жүгіруден іріктеу сыны өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл бәсекеде қазақстандық Ольга Сафронова жарыс жолына шықты. Сафронова өз тобында мәреге жетінші болып келді. Оның уақыт көрсеткіші - 23.58 секунд.

Жартылай финалға әр топта бірінші орын алған спортшылар өтті. Ольга Сафронованың әлі де мүмкіндігі бар. Ол жұбаныш айналымында сынға түседі.

Фото: Сали Сабиров