Қазақстандық жеңілатлет Дэйзи Джепкемей Париж Олимпиадасының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Джепкемей 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру іріктеуінде 10-орын алды. Қазақстандық атлет 9:24.69 уақытын көрсетті.

Ал финалға өту үшін үздік 5 спортшы қатарына енуі керек еді.