UFC вице-президенті Дэвид Шоу бұрынғы КСРО елдерінде турнир өткізуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Азияда бізді қызықтыратын бірнеше ел бар. Біз Сауд Арабиясының тәжірибесін қайталай аламыз, бұған бізде себеп бар: Бахрейн, Иордания, Қазақстан, Грузия, Әзербайжан.

Бізде бағалап жатқан бірқатар мүмкіндіктер бар, бірақ әлі нақты ештеңе жоқ», - деп келтіреді Шоудың сөзін UFC баспасөз қызметі.