Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер футболы турниріндегі жартылай финалдық кезеңінің барлық қатысушылары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы ширек финалдық матчта Бразилия Олимпиада қожайындары Францияны 1:0 есебімен жеңді.

Енді жартылай финалда Бразилия мен Испания және АҚШ пен Германия құрамалары кездесетін болды.

Осы кездесулердің жеңімпаздары финалда кездеседі, ал жеңілген командалар қола жүлдені сарапқа салады.