Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында 50 келі салмақта сынға түсіп жатқан Қызайбай ширек финалда колумбиялық Валенсия Лорена Ингритпен жұдырықтасқан болатын.

Тартысты жекпе-жектің алғашқы екі раундында төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Назымға берді.

Жалпы есепте Назым Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті.

Финал жолдамасы үшін таласта Қызайбай қытайлық Ву Юмен жұдырықтасады.

Фото: Тұрар Қазанғапов