Бішкекте өтіп жатқан OCTAGON 61 турнирі аясында бастапқы кардтың кезекті жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай орта салмақта қазақстандық Богдан Пшебельский (2-2) қырғыз файтері Бекчоро Тыныбековпен (3-1) кездесті.

Пшебельский партерде басымдыққа ие болды. Жекпе-жектің төртінші минутында қазақстандық спортшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Кештің басты жекпе-жегінде басты жекпе-жегінде 2017 жылдан бері жеңіліп көрмеген Қырғызстан өкілі Мақсат Жолдош уулу (9-2) мен қазақстандық Рүстем Мұхатов (11-3) кездеседі.

Сондай-ақ OCTAGON 61 кешінде қырғыз ММА жұлдызы Марсель Нұрланбек уулу (13-0) өнер көрсетеді, оның қарсыласы өзбекстандық Фархат Ергишбаев (3-1) болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 61 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink