Қырғызстан астанасында өтіп жатқан OCTAGON 61 турнирінде жеңіл салмақтағы бастапқы кард жекпе-жектері аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Сегізбұрышта өзбекстандық Әбдімалик Йорбутаев (1-0) пен қырғызстандық Марлен Жениш уулу (1-0) кездесті.

Файтерлер жекпе-жекті тартысты бастап, ауыр соққылар алмасты. Кездесудің төртінші минутында өзбекстандық файтер тұншықтыру әдісін орындап, Йортубаев мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Кештің басты жекпе-жегінде басты жекпе-жегінде 2017 жылдан бері жеңіліп көрмеген Қырғызстан өкілі Мақсат Жолдош уулу (9-2) мен қазақстандық Рүстем Мұхатов (11-3) кездеседі.

Сондай-ақ OCTAGON 61 кешінде қырғыз ММА жұлдызы Марсель Нұрланбек уулу (13-0) өнер көрсетеді, оның қарсыласы өзбекстандық Фархат Ергишбаев (3-1) болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 61 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink