Бішкекте басталған OCTAGON 61 турнирінің екінші жекпе-жегі аяқталды, деп жазады Prosports.kz

Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жекте қазақстандық Бейбарыс Занов (1-1) қырғызстандық Шерғазы Болотбек ұлымен (1-0) кездесті.

Тартысты өткен жекпе-жекте қырғызстандық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Кештің басты жекпе-жегінде басты жекпе-жегінде 2017 жылдан бері жеңіліп көрмеген Қырғызстан өкілі Мақсат Жолдош уулу (9-2) мен қазақстандық Рүстем Мұхатов (11-3) кездеседі.

Сондай-ақ OCTAGON 61 кешінде қырғыз ММА жұлдызы Марсель Нұрланбек уулу (13-0) өнер көрсетеді, оның қарсыласы өзбекстандық Фархат Ергишбаев (3-1) болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 61 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink