Бүгін Бішкекте аралас жекпе-жектен OCTAGON 61 турнирінің алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жекте жеңіліп көрмеген 19 жастағы өзбекстандық Хасанжон Анваров (2-0) 23 жастағы қырғызстандық Мырзабек Усон уулумен (2-0) кездесті.

Бірінші раунд ашық және тең дәрежеде өтті. Екінші бес минуттық кезеңде қарсыластар бір-біріне соққы жауыдырып, нәтижесінде өзбекстандық файтердің қабағы жарылды. Жекпе-жектің соңғы бөлігінде Анваров басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Кештің басты жекпе-жегінде басты жекпе-жегінде 2017 жылдан бері жеңіліп көрмеген Қырғызстан өкілі Мақсат Жолдош уулу (9-2) мен қазақстандық Рүстем Мұхатов (11-3) кездеседі.

Сондай-ақ OCTAGON 61 кешінде қырғыз ММА жұлдызы Марсель Нұрланбек уулу (13-0) өнер көрсетеді, оның қарсыласы өзбекстандық Фархат Ергишбаев (3-1) болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 61 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink