Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (әлемнің 134-ракеткасы) Португалияның Порту қаласында өтіп жатқан турнирде үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Кукушкин испаниялық теннисші Алекс Мартинеспен (АТР нөмірі 678) кездесіп, екі сетте 6:4, 6:1 жалпы есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Ойын ширек финалдық кезеңде өтті.