Парижде өтіп жатқан Олимпиадада дзюдодан Қазақстан құрамасы командалық жарыста бақ сынады, деп жазады Prosports.kz.

1/8 финалдық кезеңде қазақстандық дзюдошылар татамиде бразилиялық қарсыластармен кездесіп, 4:2 есебімен жеңіліп қалды.

Команда құрамында мына спортшылар өнер көрсетті: Абиба Әбужақынова (57 келі), Данияр Шамшаев (73 келі), Есмигүл Куюлова (70 келі), Абылайхан Жұбаназар (90 келі), Камила Берліқаш (+70 келі), Нұрлыхан Шархан (+90 келі).

57 кг: Әбиба Әбужақынова - Рафаэла Сильва (жеңілді)

73 кг: Данияр Шамшаев - Даниэль Каргнин (жеңді)

70 кг: Есмігүл Куюлова - Кетлейн Куадрос (жеңілді)

90 кг: Абылайхан Жұбаназар - Рафаэль Мачадо (жеңді)

70 келіден жоғары: Камила Берліқаш - Беатрис Соуза (жеңілді)

90 келіден жоғары: Нұрлыхан Шархан - Леонардо Гонсальвес (жеңілді).