Америкалық жүзуші Кэтлин Ледеки Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 1500 метрге еркін жүзуден финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол алтын жеңіп алып, Олимпиада рекордын орнатты (15:30,02 мин).

Осылайша, ол төрт Олимпиада қатарынан жүзуден алтын алған алғашқы адам болды.

2012 жылы Лондонда 800 м, Рио-2016 - 200, 400, 800 м, сондай-ақ 4x200 еркін стильде эстафетада, Токио-2020 - 800 және 1500 м қашықтыққа еркін жүзуде алтын алды.

Жалпы алғанда, Ледеки Олимпиадада 12 медаль жеңіп алды: 8 алтын, 3 күміс және 1 қола.