Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

57 келіге дейінгі салмақта Ибрагимова Пуэрто-Рико боксшысы Ашлеян Лозада Моттамен кездесті.

Бірінші раундта қазақстандық боксшыға нокдаун есептелді. Ақыры төрешілер шешімімен Ашлеян Лозада Мотта жеңіске жетті.

Осылайша, әйелдер боксында Қазақстан құрамасынан Назым Қызайбай ғана қалды.