Семсерлесуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасын алтыншы орынмен аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бесінші орынға таласта қазақстандықтар Италия құрамасына есе жіберді.

Париж Олимпиадасындағы командалық сынның ширек финалында қазақстандықтар Венгрияға жол берген болатын.

Кейін 5-8 орынға таласу құқығын алып, алдымен Египетті жеңді. Алайда, италиялықтардан ұтылып қалды.

Айта кетейік, Қазақстан командасының намысын Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов қорғады.