«Ордабасы» Конференция лигасында армениялық «Пюникке» қарсы матчты Алматыда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкенттік клуб екінші стадионы ретінде Алматыдағы Орталық стадионда таңдаған.

Мұңайтпасов атындағы стадион үшінші іріктеу кезеңінің стандаттарына сай емес, сондықтан «Ордабасы» еурокубоктағы алдағы матчтарын өз алаңында өткізе алмайды.

Мұндай жағдай 2012 жылы да болған, ол кезде шымкенттік еурокубоктағы қарсыластарын Алматыда қабылдаған еді.

«Ордабасы» - «Пюник» матчы 8 тамызда өтеді. Қарымта ойын 15 тамызда Ереванда болады.