Париж Олимпиадасында сынға түсіп жатқан семсерлесуден Қазақстан құрамасы командалық сында Венгриядан жеңілді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан командасы ширек финалда Венгрияға 30:45 есебімен жол берді.

Енді қазақстандықтар Египет құрамасына қарсы ойнап, 5-8 орындарға таласады.

Айта кетейік, бұл бәсекеде ел намысын Эльмир Алимжанов, Ерлік Сертай, Руслан Құрбанов және Вадим Шарлаимов қорғауда.

Фото: Тұрар Қазанғапов