Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшесі Надежда Дубовцикая Париж Олимпиадасының финалына неліктен өте алмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Еске салайық, Дубовицкая 1.88 сантиметрді бағындыра алмай, іріктеуден өткен жоқ.

«Әрине, екінші Олимпиадам болғандықтан, психологиялық және моральдық тұрғыдан әлдеқайда жақсы дайын едім. Бұл жолы физикалық тұрғыдан күшім жетпей қалды. Оның үстіне, бүкіл маусым бойы жиі жарақат алдым. Былтырғыға қарағанда, биылғы маусымның нәтижелері төмендеу. Бірақ қорқатын ештеңе жоқ, біз әлі жаспыз, барлығы алда», - деді Дубовицкая.

Спортшы іріктеу кезеңін 25-орынмен аяқтады.

Фото: Владислав Семенов