Жүзуден Қазақстан командасының мүшесі Әділбек Мусин Париж Олимпиадасының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлайды Olympic.kz.

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден сынға түскен Мусин өз тобында бесінші орын алса, жалпы есепте 29-сатыдан көрінді.

Ал жартылай финалға алғашқы 16 спортшы өтетінін естеріңізге саламыз.

Айта кетелік, бұл Әділбек Мусиннің соңғы жарыс күні. Осымен қазақстандық атлет Олимпиада ойындарын аяқтады.

Фото: Владислав Семенов