Өзбекстандық боксшы Лазизбек Муллажонов Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада ойындарының ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

92 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Мулложонов бұл кезеңде бразилиялық Кено Машадоны 5:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Лазизбек Муллажонов Олимпиаданың жартылай финалына шықты, ол енді кем дегенде қола жүлде алады.

Айта кетейік, Мулложонов - 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері әрі 2022 жылғы Азия чемпионы.