Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында америкалық гимнаст Симона Байлз жекелей сында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Байлз бағдарламаның төрт түрінің қорытындысы бойынша 59,131 ұпай жинады. Бразилиялық Ребека Андраде күміс (57,932) иеленсе, үздік үштікті көпсайыс бойынша Токио Олимпиадасының чемпионы америкалық Суниса Ли (56,465) түйіндеді.

Байлз алты дүркін Олимпиада чемпионы атанды; 27 жастағы спортшының барлығы тоғыз Олимпиада медалі бар.

Франция астанасындағы ойындар 11 тамызда аяқталады.