«Барыс» Майкл Маклаудпен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz сайты Астана клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Канадалық шабуылшымен бір жақты келісімшарт 2025 жылдың 31 мамырына дейін бір маусымға жасалған.

26 жастағы шабуылшы Ұлттық хоккей лигасында 300-ге жуық матч өткізді, онда ол «Нью-Джерсиде»ойнады (оны 2016 жылы клуб 12-нөмірмен шақырды). Кейінгі NHL маусымында «Девилзбен» бірге Майкл тұрақты маусымның 45 кездесуінде 10 шайба соғып, 9 нәтижелі пас берді.

Аты-жөні: Майкл МаклаудТуған күні: 02.03.1998 (26 жас).Алаңдағы орны: шабуылшы.Бойы: 188 см.Салмағы: 86 келі.