Қазақстандық боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

63,5 келі салмақта сынға түсетін Мұхамедсабыр ширек финалда грузиялық Лаша Гурулимен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Базарбайұлы алғашқы жекпе-жегінде испаниялық Ойер Конде Ибарречемен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен еді. Ал одан кейін 1/8 финалда Қытайлық Тайпей өкілі Чу Ен Лайдан басым түскен болатын.