Танымал қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Портуда (Португалия) өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда бельгиялық спортшы Йорис де Лурмен кездесті. Матч 7-6, 6-3 есебімен Кукушкиннің пайдасына аяқталды.

Ширек финалда қазақстандық теннисші испаниялық Алекс Мартинеспен кездеседі.