«Ордабасы» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ел чемпионы еурокубок аясында өз алаңында люксембургтік «Дифферданж» командасын қабылдады. Бір апта бұрын бірінші матчта Люксембург ұжымы 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Шымкенттегі қарымта ойында жеті гол соғылды. Есепті 2-минутта «Дифферданж» ашты - Гийом Трани гол соқты. Кейін Тео Бруско допты өз қақпасына тоғытып, таразы басы теңесті.

Екінші таймның басында екі команда да гол соғып шықты, Асхат Тағыбергеннің добына Жоржиньо жауап қатты.

Ал ойынның 82-минутында Всеволод Садовский көзге түсіп, ойынды овертаймға ауыстырды. 115-минутта Бауыржан Исламхан пенальтиден гол соға алмады.

Бірақ кездесу соңына қарай екі ұжым тағы да алма кезек гол соқты. 117-минутта Сағадат Тұрсынбай пенальтиден жеңіс голын соққандай көрінген, ойынның соңғы минуттарында Жоржиньо тағы да қанжығасын майлады - 3:2.

Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша есеп 3:3 болып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Ал бұл жақта шымкенттіктер дәлдік танытты.

УЕФА Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезеңі

«Ордабасы» (Қазақстан) - «Дифферданж» (Люксембург) 3:2 (1:1), пен - 5:3

Гол: Трани 2, Бруско 24 (автогол), Тағыберген 55, Жоржиньо 59, Садовски 82

Төреші: Радина (Чехия)

1 тамыз. Шымкент. Қажымұқан атындағы стадион