«Тобыл» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама ала алмады, деп хабарлайдыProsports.kz.

Қостанайлық клуб Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында швейцариялық «Санкт-Галлен» командасын қабылдады. Алғашқы матчта швейцариялықтар 4:1 есебімен жеңген болатын.

Қостанайдағы матч та қонақтардың пайдасына аяқталды. 73-минутта Мустафа Сиссе ойындағы жалғыз голды соқты. «Тобыл» матчты тоғыз футболшымен аяқтады. 68-минутта Эдедем Эссьен мен 90-минутта Бейбіт Ғалым қызыл қағаз алды.

Осылайша екі матч қорытындысы бойынша «Тобыл» 1:5 есебімен жеңіліп, еурокубоктармен қоштасты.

УЕФА Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезеңі

«Тобыл» (Қазақстан) - «Санкт-Галлен» (Швейцария) 0:1 (0:0)

Гол: Сиссе 73

Төреші: Хийтия (Финляндия)

1 тамыз. Қостанай. «Орталық» стадион