Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында 1 тамызда қазақстандықтар төрт спорт түрінде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жарыс күні де қазақстандықтар үшін сәтті бола қоймады. Дзюдошы Нұрлыхан Шархан 1/8 финалда жеңіліп қалды.

Нысана көздеуден Александра Ле мен Арина Алтухова іріктеуден өте алмады. Ле Қазақстанға бір қола жүлдемен қайтады.

Боксшы Айбек Оралбай жартылай финалға шыға алмады. Ол әзербайжандық қарсыласынан жеңіліп қалды.

Назым Қызайбай әйелдер боксы турнирінде ширек финалға шықты.

Садақ ату1/32 финал. ЕрлерДәулеткелді Жаңбырбай – Хорхе Энрикес (Колумбия) -3:71/32 финал. ЕрлерАлександр Еременко – Баптист Аддис (Франция) 2:6

ДзюдоЕрлер, 100 кг дейінНұрлыхан Шархан – Тома Никифоров (Бельгия) – 1:11

Нысана көздеуҮш позициядан 50 метрден винтовкамен ату. Іріктеу. ӘйелдерАлександра Ле – 10-орын (587-28х), финалға өткен жоқАрина Алтухова – 13-орын (586-35х), финалға өткен жоқ

БоксӘйелдер, 50 кг. 1/8 финалНазым Қызайбай – Каролин Брабоса де Алмейда (Бразилия) – 5:0Ерлер, 92 кг. 1/4 финалАйбек ОралбайЛорен Берто Альфонсо Домингес (Әзербайжан) – 2:3Ерлер, 63,5 кг. 1/4 финалМұхаммедсабыр Базарбайұлы – Лаша Гурули (Грузия) - 2:3