Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ел намысын қорғап жатқан Назым Қызайбай жекпе-жектен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жекпе-жек ойымдағыдай өтті. Енді бұдан да жақсы өнер көрсету керек деп ойлаймын. Алда тағы да үлкен айқастар күтіп тұр. Әр жекпе-жекке үлкен дайындықпен келуім керек. Олимпиадада барлық қарсылас бірдей болады. Кім психологиялық тұрғыдан дайын болса, сол жеңіске жетеді. Чемпиондарды көріп жатырсыздар. Әр жекпе-жекке дайын болуым керек. Жеңіс үшін барымды саламын. Қолдағандарыңызға рақмет», - деді Назым Қызайбай.

Айта кетсек, боксшымыз бүгін 1/8 финалда бразилиялық К.Барбосаны жарыс жолынан шығарды. Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегінде Италия боксшысы Джордана Соррентиноны жеңген еді. Бүгін Париж Олимпиадаcында қазақстандық спортшылар спорттың 4 түрінен – садақ ату, нысана көздеу, дзюдо және бокстан сынға түсіп жатыр.

Енді алда тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Атап айтсақ, 63,5 келі салмақта ерлер арасында Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен 92 келіде Айбек Оралбай ширек финалда жұдырықтасады.