Париждегі Жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшы Айбек Оралбай ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

92 келідегі 1/4 финалда Айбек әзербайжандық Лорен Берто Альфонсо Домингеспен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

Еске салайық, Оралбай алғашқы жекпе-жегінде нигериялық Олетен Олаорені жеңген болатын. Ол бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірген еді.