«Астана» УЕФА Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық клуб екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында Алматыда молдовалық «Милсамимен» кездесті. Бірінші матчта 1:1 есебі тіркелген еді.

Алматыдағы Орталық стадионда «Астана» 1:0 есебімен басым түсті. Матчтың 49-минутында Марин Томасов гол соқты. Көп ұзамай «Милсами» он футболшымен қалды - Име Ндон алаңнан қуылды.

Енді «Астана» келесі кезеңде «Корвинул» (Румыния) - «Риека» (Хорватия) матчының жеңімпазымен кездеседі.

УЕФА Конференция лигасы. Екінші іріктеу кезеңі

«Астана» (Қазақстан) - «Милсами» (Молдова) 1:0 (0:0)

Гол: Марин Томасов 49

Төреші: Буке (Франция)

1 тамыз. Алматы. «Орталық» стадион