Париж Олимпиадасында әйелдер боксынан ел намысын қорғап жатқан Назым Қызайбай ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

50 келі салмақта бақ сынаған Назым 1/8 айналымда бразилиялық Каролин де Алмейдамен кездескен болатын.

Қызайбай алғашқы раундта 5:0, екінші раундта 4:1 есебімен алға шықты.

Үшінші раундта да төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Назымға берді.

Осылайша, қазақстандық боксшы Олимпиаданың ширек финалына шықты. Оның ендігі қарсыласы - колумбиялық Валенсия Виктория Ингрит Лорена.

Фото: Сали Сабиров