«Қайрат» футбол клубының Бақылау кеңесінің төрағасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаев мемлекетке Phystech II мұнай компаниясын мемлекетке өткізді.

KASE сайтындағы хабарламаға сәйкес, 1 шілдедегі жағдай бойынша Phystech II АҚ жалғыз акционері — Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.

Компания акцияларының жалпы саны 18,5 млн дананы құрайды. Оның 13 749 100 данасы сатылымға қойылған.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың қазан айында қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа тиесілі "Қаражанбас Северный" кен орны мемлекет меншігіне берілгенін хабарлаған еді. Оның өндірістік параметрлері 2,6 млн тонна мұнай қоры бар 143 ұңғыманы және бағалау құны 35,4 млрд теңге болатын 13,2 млн текше метр газды құрайды.