Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Португалияда өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өзбекстандық спортшы Денис Истоминмен бірге қазақстандық теннисші турнирдің бірінші айналымында Л.Джонсон (Ұлыбритания)/С.Арендс (Нидерланды) жұбынан 2:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, кездесу 54 минутқа созылды.