Қытайлық спортшы Пань Чжаньлэ Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 100 метрге еркін жүзуде әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Пань Чжанльэ қашықтықты 46,4 секундта бағындырды. 19 жастағы спортшы ақпан айында Дохада (Катар) өткен әлем чемпионатында орнатқан әлемдік рекордын 0,4 секундқа жаңартты.

Күміс жүлде австралиялық Кайл Чалмерсқа (+1,08) бұйырса, румыниялық Давид Попович (+1,09) қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, бұл қашықтықта қазақстандық Әділбек Мусин іріктеуден өте алмады.

Франция астанасындағы Олимпиада 11 тамызда аяқталады.