Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карим Париж Олимпиадасының финалдық сынын аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін, 31 шілде күні, Олимпиадада спорттық гимнастикадан жекелей көпсайыс аяқталды. Карим жалпы есебі 76.065 ұпай жинады. Төменде оның әр жаттығуға алған ұпайы көрсетілген:

Еркін жаттығу - 13.433

Тұтқалы ат жаттығуы - 8.533

Шығыршықтағы жаттығу - 12.933

Қол тіреп секіру - 14.400

Қоссырықтағы жаттығу - 14.066

Көрмелері жаттығу - 12.700.

Жарыс нәтижесінде Милад Карим 24-орын алды. Айта кетейік, Милад 3 тамыз күні еркін жаттығудан финалда сынға түседі.