«Ордабасы» клубының бас бапкері Александр Седнев Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Дифферданжға» қарсы матч алдында командадан кету туралы айтты.

Беларусь маманы «Алдағы ойында жеңіліп қалсаңыздар, қызметіңізден кетесіз бе?» деген журналистің сұрағына «Алаңға шыққан соң бұл сұрақтың жауабын аламыз» деп жауап қатты.

Айта кетейік, «Ордабасы» Конференция лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Дифферданжға» қарсы қарымта ойында өткізеді. Люксембургте өткен алғашқы матчта шымкенттік команда 1:0 есебімен жеңіліс тапты.