Париж Олимпиадасында үстел теннисінен сынға түскен жалғыз қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко ширек финалға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Кирилл Герасименко 1/8 финалда Мысыр өкілі Омар Ассармен кездесті. Бұл ойында қазақстандық спортшы 4:2 (8:11, 6:11, 12:10, 12:10, 11:9, 11:3) есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Кирилл Париж Олимпиадасындағы алғашқы ойынында Чили елінің өкілі Николас Бургоспен шеберлік байқасып, 4 сетте де (11:4, 11:5, 12:10, 11:6) басым түскен еді. Кейін ол 1/16 финалда германиялық теннисші Данк Кьюға қарсы ойнап, 4:3 (6:11, 11:6, 13:11, 5:11,11:5,11:9) есебімен жеңген болатын.

Кирилл Герасименко үшінші рет Олимпиадаға қатысты. Ол Риода алғашқы айналымнан сүрінсе, Токиода үшінші кезеңде жеңіліп қалған.