Стенд атудан Париж Олимпиадасында бақ сынап жатқан Мария Дмитриенко финалдан сырт қалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Трап” бағдарламасы бойынша іріктеудің алғашқы күнінде Дмитриенко төртінші орыннан көрінген болатын.

Алайда, екінші іріктеу кезеңінде отандасымыз бұл басымдықты ұстап тұра алмады. Ол 120 ұпаймен оныншы сатыға орналасты.

Ал финалдық кезеңге іріктеу қорытындысы бойынша алғашқы алтылыққа енген мергендер жолдама алды.

Аралық нәтиже бойынша, испаниялық Мар Мольне 123 ұпаймен көш бастап тұр.