«Қызылжардың» бұрынғы шабуылшысы Дарко Зорич Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Қазақстан клубтарының ұсынысын неге қабыл алмағанын және чемпионаттағы ең мықты ойыншылар жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дарко, сені біраз уақыт иық жарақаты мазалады. Отадан кейін жағдайын қалай?

— Иә, мені көп уақыт иық жарақат мазалады. Иығым жие шығып кететін. Белград қаласында ота жасадым. Отадан кейін иығыммен проблема болған жоқ.

— »Қызылжарда» өткізген маусымнан кейін бірнеше команададан ұсыныс түскені белгілі. Оның ішінде Андрей Карпович «Ақтөбеге» шақырғанын рас па?

— Қазақстанда төрт жыл ойнадым. Маусым аяқталғаннан кейін, бірнеше клубтан ұсыныс түскені рас. Алайда, агенттеріме мен елге қайтқым келетіні жайлы айттым. Өзге елде ойнағандықтан, отбасымды сирек көретінмін. Психологиялық тұрғыда қиын болды. Екінші жыл қатарынан Черногорияда ойнап жүрмін. Шынымды айтайын, Қазақстанды сағындым. Қазақстан менің мансабымда бір қадам алға жылжуыма көмектесті.

Алдағы уақытта Қазақстанға оралу ойың бар ма?

— Көреміз, жақсы ұсыныстар болса, Қазақстанға қайта ораламын. Мен өзімді Қазақстанда жақсы сезіндім. Тек қана отбасым үшін кеттім.

Сенің жие жарақат алуыңа, Қазақстандағы сапасыз алаңдардың септігі бар деп ойлайсың ба?

— Жоқ, менің жиі жарақат алуыма Қазақстандағы алаңдардың сапасы әсер етті деп айта алмаймын. Бар күшімді салып, командаға көмегімді тигізуге тырыстым. Жарақаттар мазаламаса, одан да жақсы нәтижелер көрсетер едім деген ойдамын. Алайда, 4 жылда көрсеткен нәтижелеріме көңілім толады.

Не себепті «Шахтер» сапында бірде-бір матч ойнамай, »Қызылжар» командасына ауыстың?

— Бұл жайлы мен бірнеше айтқан едім. Бас бапкермен тіл табыса алмадық. «Шахтерде» өзімді жайсыз сезіндім, сол себептен «Қызылжарға» ауысуға шешім қабылдандым.

— Қазақстанда өнер көрсеткен легионерлер мен қазақ ойыншыларынан кім қалды? Кімдерді ерекше атап өте аласың?

— Менің есімде көптеген жақсы легионерлер қалды. Мысалы, Марин Томасов, Жоао Пауло, Ненад Эрич, Вагнер Лав, Мирзад Механович. Қақпашылардың ішінде Мирослав Лобанцевті атап өте аламын. Ол «Елімай» сапында не себепті ойнамай жүргенін білмеймін. Қазақтардың ішінде ең мықты футболшы — Бауыржан Исламхан. Асхат Тағыберген, Максим Самородов, Рамазон Оразовтарды да ерекше атап өтуге болады.

Жақында «Дечич» клубынан «Морнар Барға» ауыстың. Жаңа клубқа үйрендің бе?

— «Дечич» клубымен біз чемпион атандық. Келісімшартқа қол қойғаннан кейін, бірден жарақатым сыр бере бастады. Ота жасатқаннан кейін, жарты жыл алаңға шыққан жоқпын. Кейін «Морнар Бар» командасынан ұсыныс түсті. Жаңа клубым да — еурокубоктардың қатысушысы. Бірінші кезеңде «Динамо Тбилисиға» қарсы ойнап, гол соқтым. Екінші кезеңде сербиялық «Раднички» командасына қарсы ойнадық. Алғашқы кездесуде 1:0 есебімен есе жібердік. Енді бірнеше күннен кейін қарымта ойын өтеді. Жеңіске жетеміз деген ойдамын. Жаңа командаға көңілім толады.