Бүгін Париж Олимпиадасында триатлоннан әйелдер арасындағы бәсеке өтуде, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл сынға қазақстандық спортшы Екатерина Шабалина да қатысқан болатын.

Өкінішке қарай, ол жарысты толық аяқтай алған жоқ. Жүзуден 55-орын алған ол велокезең кезінде жарысты жалғастырудан бас тартты.