2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарында футбол турнирінің 1/4 финалының барлық жұптары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболдан Олимпиадалық турнирдің 1/4 финалының барлық жұптары төмендегідей:

Марокко - АҚШ

Жапония - Испания

Франция - Аргентина

Египет - Парагвай.

Барлық ширек финалдық кездесулер 2 тамызда өтеді. Жартылай финал 5 тамызда, қола үшін матч 8 тамызда, финал 9 тамызда өтеді.

Олимпиада ойындары 11 тамызда аяқталады.