Футболдан Ресей кубогының топтық кезеңінің бірінші турындағы ойында Петербургтің «Зенит» өз алаңында Воронеждің «Факелін» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Санкт-Петербургтегі (Ресей) «Газпром Арена» стадионының алаңында өтіп, «Зениттің» 3:0 есебімен жеңісімен аяқталды.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зениттің» негізгі құрамында шығып, бүкіл матчты алаңда өткізді. Айта кетейік, қазақстандық ойыншы «Зениттің» алдыңғы екі матчын қосалқы құрамда өткізген.