Қазақстандық Михаил Кукушкин Портудағы турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші турнирдің бірінші айналымында қытайлық Цзе Цуйді 3:6, 6:2, 6:1 есебімен ұтты.

Айта кетейік, кездесу 2 сағат 6 минутқа созылды.

Екінші айналымда Кукушкин В.Ройер (Франция) - Ж.Де Лоре (Бельгия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.